Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ:  Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтуде (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі  21.08.2018 3468 0 пікір
ШЫМКЕНТ:  Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтуде (ФОТО)

Бүгінде, мұсылман жамағатының асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесін Шымкент қаласының орталық мешітінде ұлттық нақышта атап өту дәстүрге айналған.

Айтулы шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған ел ағалары арнайы қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді. Өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев уағыз айтып, ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің құттықтау хатын жиналған жамағатқа оқып берді.

Құрбан айт намазынан кейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов өз атынан құрбандыққа мал шалды. Мешіт ауласына тігілген киіз үйлерде мәртебелі қонақтар мен жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

Сондай-ақ, дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында мешіт ауласында ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті. Атап айтқанда, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес және қой көтеру сынды ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сый-сияпаттар берілді.

Шымкент қаласына қарасты 104 мешітте, яғни, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық орталық мешітертінде құрбан айт мерекесі аталып өтуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру