Өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында ұлық мереке Құрбан айт мейрамына орай баспасөз мәслихаты болып өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы халыққа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар ұлық мейрамда облыс орталығында атқарылатын шараларды хабарлап, құрбан шалудың теңдессіз сауабымен маңызына тоқталды. Биылғы жылы мал бағасын қымбаттатпай қолжетімді бағамен сату туралы мал сатушыларға арналған өскемендік имамдардың Үндеудін оқып таныстырды.
Наиб имам сондай ақ журналистердің сауалдарына жауап беріп, шығысқазақстандықтарды айт мейраммен құттықтап, елімізге бейбітшілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
20.08.2018
2789
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру