Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Азан жарысының жеңімпаздары мен төрешілері жұмада Құран оқыды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 18.08.2018 3863 0 пікір
Азан жарысының жеңімпаздары мен төрешілері жұмада Құран оқыды

Кеше, қасиетті жұма күні «Әдемі әуезді азаншы» атты ІІІ республикалық азаншылар жарысының жеңімпаздары ақтөбелік жамағатпен жүздесті.

Өкіл имам Төлеби Оспан жарыс жеңімпаздарының жүлделерін жамағат алдында салтанатпен қайта табыстады. Сондай-ақ, жарысқа демеушілік еткен кәсіпкер Келбатыр Қайырұлына Ақтөбе өкілдігі мен жамағаты атынан шынайы алғысын жеткізе отырып, Алғыс хатпен марапаттады. Отбасына амандық, кәсібіне береке тіледі,

Жарыс жеңімпаздары Шыңғыс Садуов пен Салман Хадиршаев қасиетті Құран аяттарын оқыды. Қос қаридің қоңыр мақамын жамағат ұйып тыңдады. Сондай-ақ, мешіт төрінде ең әдемі азан үні қайта әуеледі. Бас жүлде иегері Шыңғыс Жаппарханұлы бесін уақытына азан шақырып, паш етті.

ҚМДБ-ның «Насихат және Қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізді. Жамағат намазынан кейін де Құрани Кәрім оқылып, дұға жасалды. Алланың Кәләмін қазылар алқасының мүшесі Садуақас қари Олжабай және Әли қари Қазақ оқыды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру