Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАН: Наиб мүфти мешіт имамына баспана кілтін табыстады

 ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша баспасөз қызметі 17.08.2018 3779 0 пікір
ТҮРКІСТАН: Наиб мүфти мешіт имамына баспана кілтін табыстады

Бүгін Түркістан облысы, Жетісай қаласына ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов  арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапар аясында Наурызбай қажы Өтпенов көп жылдардан бері мешіт саласында қызмет етіп жүрген 6 баланың әкесі, қалалық «Нұр-Жетісай» мешітінің имамы Абдурахман Нурматовқа баспана кілтін табыс етті.

Наиб мүфти қайырымдылық шараларына белсене ат салысқан мешіт жамағатына алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне көрімдік ретінде ретінде газ плитасын сыйға тартты.

Айтулы шараға аудан имамы Б.Сыздықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаевтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру