Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда бірегей діни экспонаттардың көрмесі ашылды

«Мәшһүр Жүсіп»  мешітінің баспасөз қызметі 17.08.2018 2920 0 пікір
Павлодарда бірегей діни экспонаттардың көрмесі ашылды

Павлодарда бірнеше діндердің басын қосқан бірегей діни экспонаттардың  көрмесі ашылды.

Г.Н.Потанинатындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану музейінде өтетін көрменің ұйымдастырушысы – Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Көрменің  құрылуына музей қызметкерлері, діни бірлестіктердің басшылары, көрмені өткізу идеясын қорғаған дін қызметшілері мен дінге сенушілер үлес қосқан.

Облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев көрмеге қызығушылық танытушылар көп екендігін айтты.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде Павлодар қаласы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлы Қайырбеков, Орыс Православ шіркеуінің Павлодар және Екібастұз епархиясының діни білім және катехизация бөлімінің басшысы Артемий Жданов құттықтау сөз сөйледі.

«Экспозицияның бірігейлігі – оның тарих сарайында бір шаңырақ астында өткізіліп отырғандығында, барлық конфессиялардың өкілдері  берлесіп, көрмеге мұнда өте сирек кездесетін экспонаттарды ұсынды», -дейді Павлодар облысы дін істері басқармасы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздықова.

«Мәшһүр Жүсіп»  мешіті Құран, Құран тәпсірінің екі бірегей экспонатын, фиқһ бойынша діни ережелер, мұсылмандық мінез-құлық нормалары жайлы кітапты ұсынып отыр. 

16-26 тамыз аралығында өткізілетін көрмеге Павлодардың Ертіс өңірі діндерінің даму тарихы туралы білуге ниет білдіргендер тегін келулеріне болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру