Қасиетті «Құрбан» айт мерекесіне орай Орал қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктердің отырысы болып өтті. Кеңес мүшелері мен мал бордақылау орындарының өкілдері қатысқан жиынды қала әкімінің міндетін атқарушы, кеңес төрағасы Мирболат Нұржанов жүргізді.
Бұл күні Оралда бес мекеме аумағында мал бордақылау алаңдары жасақталады. Олар: «Ел ырысы» базары, «Кублей», «Уральские колбасы», «Батыс Адал ет» ЖШС-лары және «Куспанов» ЖК. Жауапты мекемелер басшыларына қауіпсіздік, санитарлық тазалық, қоғамдық көліктердің маршруттарын қадағалау мәселелерін бақылауға алуды тапсырды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұловтың басшылығымен мешіттерде Құрбан айт мерекесіндегі діни жоралғыларды жоғары деңгейде өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
17.08.2018
3207
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру