Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның іс басқарушысы Талдықорған имамдарымен кездесті

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 16.08.2018 3333 0 пікір
ҚМДБ-ның іс басқарушысы Талдықорған имамдарымен кездесті

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі, «Иман» орталық мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалық етуімен өңірге қарасты мешіт имамдарына арналған кезекті жиын өтті.

Жиналыс барысында мұсылман қауымы ұлықтаған қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық талқыланды. Арнайы дайындалған құрбандық шалынатын орындар, қасапшылар қызметінің жоғары дәрежеде атқарылуы, діни мерекелік іс-шаралардың барлық мешіттерде өткізілуі пысықталды.

Сонымен қатар, жиынға арнайы келген Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының іс басқарушысы Орын Ербосын Бектұрсынұлы қажетті діни құжаттарды рәсімдеу бағыты, құқықтық тұрғыдағы бірқатар мәселелерге ақыл-кеңестер берді. Күн тәртібінде тұрған барлық жұмыстар қаралып, өкіл имам өңірге қарасты қала, аудан имамдарына алда іске асатын шараларға байланысты нақты тапсырмалар берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру