Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: Түркістан және Шымкент өкілдігі Құрбан айтқа байланысты брифинг өткізді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі   16.08.2018 3141 0 пікір
ШЫМКЕНТ: Түркістан және Шымкент өкілдігі Құрбан айтқа байланысты брифинг өткізді

Бүгін, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Өңірлік коммуникациялар қызметі» орталығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Брифингке ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов қатысып, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

«Биыл 21 тамызда таңғы сағат 7:00-де Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша  ҚМДБ-ның өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде  Айт намазы оқылады. Құрбандық шалу уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күніне дейін жалғасады»,- деді наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов.

 Өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев өңірде халал стандарттарына сәйкес мал сою бекеттері ашылғанын, Шымкент қаласының өзінде 5 мал сою бекеті қызмет көрсететінін айтты. 

«Мешіттерде «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс» атты қайырымдылық шарасы өтеді. Осыған қатысуға шақырамыз. Арнайы мал сою бекеттерінде білікті қасапшылар жұмыс істейді», - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру