Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алтынбек Ұтысхан ЖАНТ мүшелеріне семинар жүргізді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің  баспасөз қызметі 16.08.2018 3477 0 пікір
Алтынбек Ұтысхан ЖАНТ мүшелеріне семинар жүргізді

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «ЖАНТ жұмысын жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинарды ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан жүргізді. Оған облысқа қарасты жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшелері қатысты. 

Бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан діни басқарма тарапынан ЖАНТ жұмысын жетілдіруге ерекше басымдық берілуде екендігін жеткізді. Сондай-ақ, уағыз айту кезінде ескерілуі тиіс маңызды мәселелерге тоқталды. Топ құрамындағы имамдардың аудан, ауылдарға іссапарын ұйымдастыру, көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын қадағалауды тапсырды. Өкіл имам Төлеби Оспан ЖАНТ жұмысын жетілдіру жұмыстары өкілдіктің басты назарында екендігін айтты.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысына қарасты ЖАНТ құрамындағы қала, аудан имамдары бар өкілдіктің жыл басында бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қала және ауылдық елдімекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру