Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен имамдары Құрбан айт алдында бас қосты (ФОТО)

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 15.08.2018 2988 0 пікір
Өскемен имамдары Құрбан айт алдында бас қосты (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағына қарасты қала, аудан имамдары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бас қосты. 

Жиналыста келе жатқан қасиетті Құрбан айт мейрамына дайындық мәселелері пысықталып, өткізілетін шаралар жоспары талқыланды. Сонымен қатар, өңір мешіттерінің бастапқы 7 айда атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттер белгіленді. Жиында әсіресе, кері ағымдарға байланысты жасалып жатқан жұмыстарға аса назар аударылып, имамдарға бұл бағытта тапсырмалар берілді.

«Өңір бойынша атқарған шараларды саралап отырмыз. Алда үлкен міндеттер тұр. Біз әсіресе, кері ағымдарға қарсы бағытталған шараларды жаңа қарқынмен іске асыруымыз керек. Осы бағыттағы Діни басқарманың тапсырмаларының өңірде орындалуын басты міндет ретінде назарда ұстаймыз» деп атап өтті, жиын барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.

Жиында өңірге қарасты қала, аудан имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру