Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»:  500 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚМДБ-ның  Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 14.08.2018 3527 0 пікір
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»:  500 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен еліміздің барлық мешіттерінде "Мектепке жол", "Бір баланы киіндір" республикалық қайырымдылық акциялары өткізілуде.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.

«Мектепке дайындық науқанында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған отбасылар балаларының мектепке қажетті құрал-жабдықтарын толығымен қамтамасыз етуге жағдайы жете бермейді. Осы орайда, сіздерге көмегімізді тигізу басты мақсатымыз деп санаймыз»,-деді өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы.

Акцияға өкілдікке қарасты қалалық мешіттер атсалысып, қалалық білім бөлімінен алынған тізім бойынша және «Зағиптар ұйымы мүшелері» мен мешіт жамағаттарының балаларын қосқанда 500 балаға оқу-құралдарымен жабдықталған мектеп сумкасы таратылды.

Шарапаты мол сауапты шара аясында көмек алған балаларының жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру