Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық Ержан Төлегенұлының атынан бәдәл қажылығы өтеледі

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.08.2018 3690 0 пікір
Маңғыстаулық Ержан Төлегенұлының атынан бәдәл қажылығы өтеледі

Айт қарсаңында жыл сайын Меккеге аттанатын мұсылмандар Құрбан айт кезінде сол қасиетті жерде қажылық парызын өтеп қайтады. Олардың көпшілігі өз парызын өтесе, кейбірі ата-анасы немесе аманат етілген басқа кісілердің атынан бәдәл қажылыққа барып жататыны бар.

Маңғыстау облыстық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті брифинг тақырыбы — «Ержан Төлегенұлының атына бәдәл қажылық жасау». Басқосуды ашып, жүргізіп отырған Марат Себасов өңірімізде өткен соңғы діндарлардың бірінің атынан бәдәл қажылық жасауды «Ержан Төлегенұлының еңбегін есте қалдыру» қоғамдық қоры ұсынып отырғанын айтты.

Аталмыш аманатты Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков өтейтін болады. Қор төрағасы Бейсенбек Нұржігітұлы Ержан Төлегенұлының өмірбаянына қысқаша тоқталды. Ержан Төлегенұлы 1887 жылы Бозащы түбегінің Керел елдімекенінде дүниеге келген. Алғаш білімді жергілікті мектептен алған ол кейін Бұқара қаласындағы «Көкілташ» медресесіне түсіп, оны 1926 жылы ұстаздық мамандығы бойынша бітіріп келеді де, туған өлкесінде ағартушылықпен айналысады.

Ержан Төлегенұлының атына бәдәл қажылық жасауға аттанып бара жатқан өкіл имам Смайл Сейтбеков қажылық парызын орындаушы барша мұсылмандарға сәтті сапар, қажылықтың қабыл болуын тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру