Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Созақта орталық мешітке көлік сыйлады

Созақ ауданының баспасөз қызметі 06.08.2018 3007 0 пікір
Созақта орталық мешітке көлік сыйлады

Бүгін Созақ ауданындағы, «Шолаққорған»  орталық мешітіне ауданның кәсіпкер азаматтары көлік сыйлады. Жұма намазына жиналған жамағат алдында ауыл кәсіпкерлері Жантөре Беркінбев, Марат Көбеев, Талғат Қабылов «Нива» автокөлігінің кілтін «Шолаққорған» орталық мешітінің бас имамы Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлының қолына табыстады.

Жомарт азаматтарға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бірінші наиб муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаттарын табыстаған ауданның бас имамы Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы:  «Осы уақытқа дейін мешітке қажетті қызмет көліктің шешімі табылмай келе жатқан болатын. Бүгінде көлік үлкен сұранысқа ие. Бұл мешітке емес, жүректерінде имандары бар мешіт жамағатына берілген сый деп қабылдаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мешіт жамағатаның ауызбіршілігі арыта берсін»,- деді.   

Көптің алғысын алған қайрымды ауыл азаматтарына, жұма намазына жиналған жамағат, жалпы барша аудан халқы дән риза.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру