Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 03.08.2018 3036 0 пікір
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ел президенті  Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында атап өткендей, ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы болашаққа нық қадам басу мемлекетіміздің негізгі мақсаты болуы керек. Бүгінде, республика көлемінде аталмыш бағдарлама аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада әр бейсенбі сайын тұрақты түрде беріліп жатқан ауызашар уағызының кезекті тақырыбы «Рухани жаңғыру –» болды.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов  жамағатқа дәстүр мен дін  сабақтастығы, қазақ халқының исламға негізделген өмір сүру үрдісі туралы тарихтан сыр шертіп, тақырыпты жан-жақты мысалдармен өрнектеп түсіндіріп берді.

Мемлекеттік бағдарламаға қолдау көрсету мақсатында  рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дәстүрімізді дәріптеу тақырыптарына негізделген деген қағидамен апта сайынғы ауызашар уағызының жоспарына енгізіліп жамағат арасында тұрақты түрде дәріптелуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру