Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН» ИНТТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 03.08.2018 3964 0 пікір
«БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН» ИНТТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫ

ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық  мешітінің шәкірттері арасында интеллектуалды білім сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты шәкірттерді әрдайым бірлесе жұмыс жасауға, ынтымаққа, татулыққа шақыру, өзара мейірімді болуға баулу болып табылады.

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» тақырыбында өткен шарада шәкірттер үш топқа бөлініп, мешітте ұйымдастырылған жазғы діни сауат ашу сабақтарында үйренген білімдерін ортаға салды.

Сонымен қатар, ислам тарихына, пайғамбар өмірінен алынған оқиғалар желісіне негізделген көріністер қойып, ұстаздарына жан-жақты өнерлерін көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру