Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМ МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ҮЙРЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 02.08.2018 4351 0 пікір
ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМ МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ҮЙРЕТІЛДІ

Қызылорда облыстық әкімдігінде облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен деструктивті діни ағым мүшелерімен жұмыс істеудің психологиялық әдіс-тәсілдерін үйрететін семинар-тренинг өтті.

«Оңалту жұмыстарының психологиялық аспектілері» тақырыбында өткен семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының доценті Алмагүл Аяғанова мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің психология магистрі Райхан Аманбаева шараға қатысушы ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі мешіттерінің имамдары, ақпараттық түсіндірме тобы мүшелері және Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандарына дәріс өткізді.

Дәріс барысында Алмагүл Жанділдәқызы деструктивті діни ағымдағы ерушілермен қарым-қатынас орнатудағы психологиялық әдіс-тәсілдері жөнінде түсіндірсе, Райхан Аманбайқызы психологиялық қысым көріп, зардап шеккен азаматтармен оңалту жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйретті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру