Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Орталық мешіт шәкірттерге сертификат табыстады

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.07.2018 4173 0 пікір
Шымкент: Орталық мешіт шәкірттерге сертификат табыстады

Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың тапсырмасымен Шымкент орталық мешітінде жазғы діни сауат ашу курсында ілім алып жатқан қыздар бөлімінің 65 шəкіртіне курстың бірінші кезеңін бітіргені үшін арнайы сертификат табысталды. Курста қасиетті Құран оқу және қысқа сүрелер жаттаумен қоса, негізгі діни дəрістер өтілді. Курс шəкірттеріне оқулық ретінде Шəкəрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» жəне Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты екі кітабынан дəрістер жүргізілді. Курсымызда «Сарыағаш» және «Шымкент» медресе-коллеждерін бітірген білікті ұстаздар дəріс өтуде. Ұстаздар мен шəкірттердің ұйымдастыруымен «Отанды сүйю иманнан» атты ата-аналарға арнап кеш ұйымдастырылды. Курсымыз тамыз айының соңына дейін жалғасады. Шəкірттерді қабылдау жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру