Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: НАИБ МҮФТИ ДСАК ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 20.07.2018 3363 0 пікір
Шымкент: НАИБ МҮФТИ ДСАК ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін  ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапары аясында Шымкент қаласы орталық мешіт жанындағы жазғы діни сауат ашу курстарының жұмысымен танысты.

Жуырда ғана Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен тағайындалған Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.

Айта кету керек, ҚМДБ-ның оқу-ағарту бағдарламасы негізінде Шымкент қаласы бойынша 75 мешіт жанынан жазғы діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып,  5 мыңға жуық шәкірттер қатыстырылды.

Мұнымен қатар, демеушілердің көмегімен Шымкент қаласы бойынша ДСАК жұмыстарын үйлестіру һәм дамыту үшін заман талабына сай төрт ғимарат пайдалануға берілді.

Ресми сапар аясында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп,  діни оқу-ағарту саласы бойынша жұмыстарды одан әрі дамыту қажет екендігін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру