Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық Спартакиада өтті

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 16.07.2018 3214 0 пікір
Облыстық Спартакиада өтті

Алматы облысы, Дін істері жөніндегі басқармасы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі бірлесе отырып, «Ислам және отбасы жылы» аясында «Астана қаласының 20 жылдығына» орай ерлер жамағаттары арасында Облыстық Спартакиада өткізді. 8 ауданнан келген мешіт жамағаттары спорттың 4 түрінен яғни, шағын футбол, волейбол, қол күрестен және кір тасын көтеруден додаға түсті. Барлық спорт түрінен машықтанған мешіт жамағаттары қызу тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Ақсу ауданының жамағаты 3-орынға, Қаратал ауданының жамағаты 2-орынға табан тіреді. Көрерменнің көзайымына айналған Талдықорған қаласының жамағаты 1- орынға ие болды. Алдағы уақытта Спартакиаданы келесі жылы басқа форматта өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру