Талдықорған өңірі, Ақсу ауданы, Суықсай ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Мешітті ауыл тұрғындары салған. Талдықорған қаласы, орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Даутов Керімбек жамағатты мешіттің ашылуымен құттықтап, ауылдың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосатынына сенім артты. 150-ге жанға лайықталған жаңа мешітте алғаш рет азан шақырылып, жұма намазы оқылды. Ақсақалдар бата беріп, Құран бағышталды. Жас балаша қуанған ауыл тұрғындары мешіттің ел игілігіне Жұма күні берілгендігін жақсылыққа балауда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қымзеті
16.07.2018
3483
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру