Батыс Қазақстан облыстық облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен «Орал» орталық мешітінің қолдауымен имам-молдалардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында семинарлар, оқыту курстарын, семинар-тренингтерді жүйелі ұйымдастырып келеді.
Семинарға облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Азамат Абдрахманов мен теолог маманы Таңжарық Тұрғанқұлов, облыстық дін істері басқармасының басшысының міндетін атқарушысы Мақсат Раманқұлов қатысты.
Осындай кезекті семинар орталық «Орал» орталық мешітінде ұйымдастырылды. Семинарды ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, «Орал» орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов жүргізді.
Азамат Талғатұлы өз кезегінде діни ахуалға қатысты аймақта жүргізіліп отырған шаралар мен жоспарларға тоқталды. Семинар барысында имамдарға діни сауаттылық, жат ағымдармен күресу бағытында насихаттар айтылып, пікірлер тыңдалды. Имамдарда толғандырған сауалдарын жолдап, мазмұнды мәліметтер алынды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
16.07.2018
3583
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру