Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам Бөкей ұлы  Жәңгір ханның рухына Құран бағыштады

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 03.07.2018 3665 0 пікір
Бас имам Бөкей ұлы  Жәңгір ханның рухына Құран бағыштады

Жақында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов Бөкей-Орда ауданына арнайы іс-сапармен барған еді.

Арнайы келген қонақты аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы қарсы алып, ауданның шығу тарихына ерекше тоқталды.

Кездесуден кейін «Ханордасы»  ауылына арнайы келген облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов пен Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов және Нұрлан Саматұлын Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің директоры Ғайса Темірболатұлы, Әлихан Асқарұлы, тарихшы-өлкетанушы Гулмару Самиғоллақызы қарсы алды.

Бас имам Бөкей-Орда ауданы, Ханорда ауылындағы  Қазақтың соңғы ханы Бөкей ұлы Жәңгір ханға, халық сазгері Дәулеткерей Шығайұлына,  ғалым тарихшы-этнограф Мұхамед-Салық Бабажанұлына зиярат етіп, құран бағыштап, дұға жасады.

«Ұлттық намысты жоғары қоя білген қазақтың соңғы ханы Бөкей ұлы Жәңгір хан, халық сазгері Дәулеткерей Шығайұлы, ғалым тарихшы-этнограф Мұхамед-Салық Бабажанұлы кешегі еліміз бен жеріміздің ертеңі үшін өзін құрбан етті, шейіт болды. Алла Тағала ел үшін опат болған бабаларымызды Алла-Тағала өз рақымына бөлесін. Бабаларымыздың  күреске толы өмірі ұрпақ үшін қашан да өшпес өнеге болып қала береді»,- деп ақтілегін жеткізді бас имам Еркебұлан Қарақұлов.

Арнайы келген қонақтармен бірге естелік суретке түсіп, қолжазбаларын жазып, сыйлықтарын табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру