Қазақстын мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жылдағы үрдіске сай балаларға арналған жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырды. 100-ге жуық ер және қыз балалар күндізгі аусымда бір ай бойы имандылық әліппесін үйренді.
Жазғы курста балалар Құран оқуды үйреніп, күнделікті оқылатын дұғаларды жаттап білімдерін жетілдірді. Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы үздік оқыған балаларды марапаттап, бабалардың барлығына сыйлықтар үлестіріп, тәттілер таратты.
Ата-аналар дән риза болып, өкіл имам Смайыл Сейтбеков бастаған мешіт ұжымына өз алғыстарын айтып, жұмыстарына береке тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.07.2018
3352
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру