Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның бөлім басшысы Е.Оңғаров Өскеменде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.06.2018 3255 0 пікір
ҚМДБ-ның бөлім басшысы Е.Оңғаров Өскеменде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ-ның Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров облыстық және қала мешіттерінің имам-қызметкерлерімен кездесті.

Жиын басында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин өңірде атқарылып жатқан шаралар барысы туралы баяндады.

Бұдан соң сөз алған ҚМДБ-ның Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров:

«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда діни қызметті жаңа бастамалармен жаңа сатыға көтерді. Астанада өткен «Евразия мұсылман ғұламаларының форумы» осының бір дәлелі. Қазіргі таңда имамдар және барлық дін қызметкерлері тың бастамалар көтеріп, ел игілігі үшін жұмыс атқару керек. Имамдарымыздың ынтымағы ол күллі халықтың ынтымағына саяды. Имамдар қашанда халқымызды ынтымақпен бірлікке ұйытып келген. Осы үрдіс сақталу қажет» дей келе, алдағы келелі міндеттерге тоқталып өтті.

Ол сонымен қатар қазіргі діни ахуал туралы кеңінен баяндап, имамдардың бастамашылдықпен жұмыстау қажеттігін ескертті.

Өңір имамдары Е.Оңғаровқа оқу-ағарту және басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Барлық сауалдарға жауап берген бөлім басшысы өңірде атқарылып жатқан шараларға және оқу ағарту саласы бойынша бастамаларға оң баға берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру