Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қарағанды қаласында ҚАЖҚ мен ҚМДБ қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы екі күндік семинар болып өтті (фото)

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі ihsan.kz 27.06.2018 3822 0 пікір
Қарағанды қаласында ҚАЖҚ мен ҚМДБ қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы екі күндік семинар болып өтті (фото)

Маусым айының  25 – 26 күндері аралығында Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарайтын қалалар мен аудандардың имамдарына арналған екі күндік семинар болып өтті. Семинарды   ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ашып, игілігі мол іс-шараға  уағыз насихат айтты. Аталмыш семинарда ҚМДБ- ның төрағасының орынбасары наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы мен Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллаұлы және теолог, «Пікір» орталығының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы дін саласына енген өзгерістер бойынша имамдарға сабақ жүргізіп, діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы қабылданып жатқан шешімдерді таныстырды.  Сондай-ақ, наиб мүфти «Ханафи мазхабының дәлелдеріне анализ жасау методикасы» тақырыбында дәріс жүргізіп, Ханафи мазхабының ерекшеліктері мен тарихы жайында  мағұлмат берді.  Семинар барысында дәстүрлі дініміздің мән-мағынасына тереңірек үңіле отырып, дінімізді қазақы дәстүрлерімізге ұштастырып, әдет-ғұрып пен салтымызға ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалды.

Сонымен қатар, семинар барысында имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Барлық ұстаздар мен имамдарға сертификаттар табысталды. 

                         

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру