Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Нұр-Мүбарак университетінде үш сатылы «Дінтану» мамандығы аккредитациядан оң нәтижеге ие болды  

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 22.06.2018 4016 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінде үш сатылы «Дінтану» мамандығы аккредитациядан оң нәтижеге ие болды  

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің сыртқы аудит жүргізетін сараптама тобының шешімі бойынша мамыр айында жүргізілген Нұр-Мүбарак университетіндегі «Дінтану» мамандығынына қатысты сараптама жарияланды. Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулығы (ESG) бойынша мамандандырылған аккредитациядан жан-жақты тексеруден өткен дінтану мамандығы 5 жылдық рұқсатқа ие болды.

Нақтырақ айтсақ, «6В020600 – Дінтану» бакалавриат, «6М020600-Дінтану» магистратура, «6Д020600-Дінтану» докторантура мамандықтары жан-жақты сараптамалар жасалды. Сараптама өткізген Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.кандидаты Кеңшілік Тышқан бастаған комиссия құрамында халықаралық сарапшылар: Катар елінен Джорджтаун университетінің салыстырмалы дінтану кафедрасының профессоры Патрик Лауде, Египет Араб Республикасының сапа және аккредитациямен қамту Ұлттық комиссиясының вице-президенті Ражиа Али Махмуд Таха ханым бар. Сондай-ақ отандық сарапшылар: «Абу Ханифа» медресе-колледжінің директоры  Құлмұхаммед Махамбет, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, аудит департаментінің директоры, п.ғ.к., доцент Жанна Ахмадиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты Ұлжан Тұңғатова, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, сапа және анализ департаментінің сарапшысы Айгерім Каримовалар бар.

Екі күнге созылған тексеру барысында университеттің техникалық базалық мүмкіндіктерінен бастап, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер, түлектер, магистрант-докторанттар, құжаттар, барлығы сараптамадан өтті. Нәтижесі жіті тексерулерден өтіп, маусым айында аккредитацияның оң нәтижесі жарияланды.

Осы кезге дейін еліміздегі  дінтанушыларды даярлайтын 6 жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орынға ие Нұр-Мүбарак университеті үш сатылы мамандар даярлауды қарқынды түрде жүзеге асыра бермек. Ұлттық рейтинг бойынша дінтанушы магистрларды даярлаудан елімізде Нұр-Мүбарак университеті №1. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру