Бүгін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресесінің білікті ұстазы, мысырлық Сүлейман Саид мырзаға құрмет көрсетілді.
Қасиетті Рамазан айында «Кеңесхан қажы» мешітінде бір ай бойы тарауих намазында Құран Кәрімді толық хатым етіп, жамағаттың ықыласына бөленгені үшін мысырлық ұстаз Сүлейман Саидты орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы алғыс хатпен марапаттаса, «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қазақы салтпен иығына шапан жауып, алғыстарын жеткізді.
Сүлейман Саид мырза «Һибатулла Тарази» медресесінде үш жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан білімді де, білікті, шәкірттерге берері көп ұлағатты ұстаздардың бірі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі
asyldin.kz
21.06.2018
3457
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру