Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.06.2018 2903 0 пікір
Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

Жақында Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде Ораза айттың құрметіне мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ күн көрісі төмен отбасыларға қайырымдылық мақсатында азық-түліктер тегін таратылды.

Іс-шара басында сөз сөйлеген бас имам М. Бердіғожин осындай игілікті істі ұйымдастыруға атсалысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Аталған шара барысында 24 мүгедек бала, 65 мүмкіндігі шектеулі жан және 13 күн көрісі төмен отбасыға көмек көрсетілді.

Аталған мешітте мұндай қайырымдылық мақсатындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру