Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт - мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Ораза бойы Б.Балқыбайұлы атындағы мешітінде ауызашарлар беріліп, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
«Айт» сөзінің бірегей мағынасы «мерекелеу» дейтін болсақ, 2018 жылдың 15-ші маусым күні аталып өткен Ораза айт ауқымды іс-шараларға толы болды.
Айт намазынан соң жиналған жамағатқа айт шәй дастарханы жайылып, отырыс барысында түрлі діни тақырыптарда викториналық сұрақтар қойылды. Білімділігін көрсеткен азаматтар мен азаматшаларға естелік сыйлықтар таратылды.
Содан соң, Б.Балқыбайұлы мешітінің ауласында қала жаматының қатысуымен қол күресі, кір көтеру, арқан тартыстан спорттық сайыстар өтті. Сайыс қорытындысына сәйкес жүлделі орын иелерін мешіттің бас имамы Қондыбай қажы Акпаров пен ақсақалдар марапаттады.
Сонымен қатар, «жақсылық жасап жарысайық» ұрынымен өткен қайырымдылық акциясының аясында 50 отбасыға азық-түлік кәрзеңкесі табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Сәтбаев қалалық Б.Балқыбайұлы мешітінің баспасөз қызметі
16.06.2018
3290
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Сәтбаев дін орталығы | 16.06.2018 05:29
жоғары ұйымдастырушылық деңгейімен әрдайым танылып отыратын Сәтбаев қаласы Б.Балқыбайұлы мешітіне Алла разы болсын!