Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР АЙТ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУДА

Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі   16.06.2018 2639 0 пікір
МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР АЙТ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіттер қасиетті Рамазан айын жағары деңгейде өткізді. Айт күні мешіттерде намаз оқылып, мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Айт мерекесінде Облыстық орталық мешіт ауласына арнайы айттық дастарханы жайылып, мешітке келушілер ақ дастарханнан дәм татты. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлері қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату, қошқар көтеру сында ойындардан жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орындардан көрінген жамағаттарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Игі шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов пен Облыс өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков келіп ұлттық ойындарды тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру