Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 16.06.2018 2964 0 пікір
ОБЛЫС ӘКІМІ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Облыстық орталық мешітте болып, маңғыстаулықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Облыс әкімі өз сөзінде:

«Ораза Айты – шүкіршілік, бауырмашылдық пен ынтымақтың мерекесі. Исі мұсылман адам үшін күні мен түнін құлшылықпен өткеріп, Раббысына бір табан жақындатып, қуанышқа бөлеген қасиетті айдың аяқталуы болмақ» - деді.

Өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков айт күні атқарылатын амалдарға тоқталып:

«Ораза Айты – кешірімге ие болып, ренжіскен жандардың татуласатын күні. Үлкендерді зиярат ететін, өзгелерді қуантатын, жетім мен жарым жан жандардың жүзін нұрландыратын, айттайтын күн» - деді.

Намаз соңында ақ сақалды қариялар ел тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру