Күндердің сұлтаны жұмаға сәйкес келген Ораза айт мерекесінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері мешітке келген жамағатты қуанышқа бөледі.
Бас мешітте Айт намазын оқуға жиылған жамағат ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек Ұласқанұлының уағызын тыңдап, Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, дұға жасады.
Бұдан кейін, Өкіл имам барша халықты құттықтап, айт мерекесінің құрметіне арнайы пісірілген ұзындығы 3 м, ені 1 м тәтті нанды өз қолымен үлестірді.
Сонымен қатар, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің алдында тігілген қазақы үйлерде мерекелік дастарқан жайылып, балаларға сусындар таратылды.
Халықтың ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған игі шараға куә болған жамағат мерекелік көңіл күймен тарқады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі
15.06.2018
2639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру