Таң шапағымен таласа өскемендік жамағат қауым «Халифа Алтай» мешітіне қарай ағылды. Мешіт ішінде халықтың көптігінен ине шаншар орын болмады. ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек Қасболатұлы жиналған қауымды Ораза айтпен құттықтап, ғибратты уағыз айтып, бабалар рухына Құран бағыштады.
Өкіл имам: «Міне, ұлық айымыз Рамазан да өтіп, Ораза айт мейрамы келіп жетті. Бұл мереке Ұлы Жаратушыға мың шүкірлік айтып, жамағаттар бір-бірін құттықтап, игілік, берекет тілейтін, бірлік мерекесі ретінде үлкен сипатқа ие» дей келе, айт мерекесінің тағылымдық маңызы жайлы танымдық насихат айтты.
Бұдан соң жамағатпен айт намазы оқылды. Мешіт ауласына алты қанат ақбоз үй тігіліп, жамағатқа бауырсақ, шай таратылды. Сонымен қатар мешіт жанында жамағатты қамтыған спорттық шаралар да өтіп жатты.
Арқан тарту, кір тасын көтеру қатарлы сайыстарға жастар белсенді қатысып, білек күшімен бәсекелестерін жеңіп алған командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
15.06.2018
2722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру