Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы барлық қала жұртшылығын мұсылман әлемінің қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамымен құттықтап:
«Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – исламның ғасырлардан бергі игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілік, береке әкелсін!», – деді және ары қарай сөзін Ораза айт мейрамының қасиеті, маңызы және адамгершілік, бірлік тақырыбындағы уағызымен жалғастырды.
Тамаша уағыз-насихат пен құттықтаулардан кейін жамағат ораза айт намазын оқу үшін сапқа тұрды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Қос мұнаралы» орталық мешітінің баспасөз қызметі
15.06.2018
2741
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру