ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының тікелей мұрындық болуымен, Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінде «Айттық дастархан» атты акциясы бойынша 200 ге тарта (Айналайын, Қамақор, Бәйтерек т.б) балалар үйімен мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ жалғызбасты және көпбалалы мұқтаж отбасына мешіт атынан азық-түлік таратылды.
Арнайы ұйымдастырылған шарадағы мақсат, Мұсылмандардың жылына бір рет келетін Ораза айт мерекесінде әрбір үйде дастархан жайылып, көңілдеріне қуаныш сыйлау үшін, айтқа керекті азық-түліктермен қамтамасыз ету.
Аталмыш шара, Қасиетті Құран аятымен басталып, көпшілікпен бірге дұға жасалғаннан кейін, өкіл имам жиналған жамағатқа Рамазан айының пайдасы туралы уағыз айтып, көпшілікті келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
14.06.2018
3344
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру