Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ҚАДІР ТҮНІН ЖАМАҒАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Алматы өңірінің баспасөз қызметі 14.06.2018 3108 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ҚАДІР ТҮНІН ЖАМАҒАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Алла Тағала пендесіне сый еткен мың айдан да қайырлы Қадір түнінде Алматы қаласы, "Наурызбай ауданы, "Қалқаман-2" мешітіне шамамен 3 мыңнан аса жамағат жиналды. 

Қадір түні мешіт жамағатына ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы Құран Кәрім мен хадистерден мысалдар келтіре отырып уағыз айтты. Филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы Ислам Жеменей мырза ұлт, ислам құндылықтары жайлы ой бөлісті.   

Қасиетті түні Алла үйінде хатым түсіріліп, мешіттің бас имам Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы хатым батасын беріп, Рамазан айында 30 күн бойы "Қалқаман-2" мешітіне келушілерге ауыз ашар жасаған бауырларымыз үшін жамағатпен Алладан дұға тілеп, олардың изгі амалдарын қабыл алуын сұрады. Мешіт жамағатына діни уағыз айтқандардың қатарында Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Ислам институты ұстаздары, мешіт наиб имамдары болды. Уағыз құптан, тарауық намаздары кіретін уақыт алдында басталып, намаздар аяқталғаннан соң жалғасын тауып, таң рауандап атқанша айтылды.

Жиылған жұрт Жаратушы Алладан кешірім сұрап, еліміздің бірлігі мен кемел де жарқын болашағына, халқымыздың берекесі мен ұрпағымыздың  амандығына, өніп-өсуіне дұға жасап, сәресі ішіп, таң намазын оқып тарқады.

 

            

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру