Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Уақып» қорының атынан «Рамазан сыйы» таратылды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.06.2018 3300 0 пікір
«Уақып» қорының атынан «Рамазан сыйы» таратылды (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің Үндеуі аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі 100-ден астам отбасыға қайырымдылық жасады. Тұрмысы төмен отбасыларға бұл жолғы көмек «Уақып» қорының атынан берілді.

Шара барасында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамдары қазіргі таңда «Уақып» қоры тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы кең көлемде баяндай келе, бүгінгі қайрымдылықтың маңызына тоқталды.

«Қайырымдылық жасау әр адамға міндет. Бұл ең алдымен айналаға қоғамның ізгілікке толы екендігін білдіру, сонымен қатар қасиетті Рамазан айының шарапатын сездіру»,- деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру