Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар үйінде

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 14.06.2018 2856 0 пікір
Балалар үйінде

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешіті және "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен «Балаларға – базарлық»  шарасы болып өтті.

Осынау игі шара барысында аталған мешіт қызметкерлері мен шәкірттері қаладағы балалар үйіне барып, ондағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандармен тағылымдық жағы мол ойындар ұйымдастырды әрі оларға сыйлықтар таратты. Қасиетті Рамазан айындағы бұл кездесу бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.

Жалпы, жетімдердің басын сипау, оларға қамқорлық жасау адамгершіліктің жарқын көрінісі болып табылады. Мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да осындай жүздесулерді ұйымдастырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру