Мешіттің жасөспірімдер командасы асық атудан Астана қаласында өткен чемпионатта жүлделі болды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел мешіттерінде биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында дәстүрлі отбасылық құндылықтар жаңғыртылуда.
Астана іргесіндегі Қоянды ауылдық мешітінде Өкілдіктің қадағалауымен отбасылық құндылықтарды жаңғырту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Аталар мектебі мен Әжелер мектебі құрылып, ақсақалды аталар мен ақсамайлы әжелердің өнегесін жастарға үйретуге мүмкіндік жасады. Сонымен бірге жаздық сауат ашу курсының шәкірттері арасында «Асығың алшысынан түссін», «Көңілді старт» сайыстары ұйымдастырылып, отбасылық дәсүрлі құндылықтарымыз насихатталды.
Мешіттің ұйымдастыруымен өткен ауылдық асық ату сайысынан жеңіп шыққан шәкірттер Астана қаласының 20 жылдығына орай «2002-2004» жылғы жасөспірімдер арасында өткен асық атудан Астана қаласының ашық чемпионатына қатысты.
Нәтижесінде, мешіт шәкірттері ІІІ орын алып, жүлделі оралды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ummet.kz
12.06.2018
3024
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру