Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл жұртшылығы Қадір түнін қарсы алды

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі asyldin.kz 12.06.2018 3548 0 пікір
Жамбыл жұртшылығы Қадір түнін қарсы алды

Қасиетті Құран Кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп дәріптелген Қадір түні – исі мұсылманның сағына күтер сәті. Бұл түнгі құлшылықтың сексен үш жылға тең келетінін білмейтін мұсылман кемде-кем болар.. Сол үшін де жылына бір-ақ берілетін ұлы мүмкіндікті мұсылман қауымы құр жіберіп алмай, қапысыз дайындықпен өткізуге тырысады. Алланың үйі мешітте бас қосып, алақан жайып, Алладан дұға тілейді. Маңдайын сәждеге тигізіп, таң рауандап атқанша құлшылығын жалғастырады.

Тараз қаласындағы орталық  «Һибатулла Тарази» мешіті бұл түні келушілерге лық толды. Қасиетті рамазан айы басталғалы адам аяғы басылмаған мешітте бұл түні, тіпті, ине шаншар жер қалмады десе де болғандай. 

Қасиетті Қадір түні «Һибатулла Тарази» мешітінде Құран Кәрім толықтай хатым етіліп, бата жасалды. Бұдан соң мешіттің Бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы Құранды хатым еткен Дулат қариға құрмет танытып, алғысын білдірді.

Қасиетті Қадір түні мешітке жиналған жамағатқа «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев қасиетті Қадір түнінің қасиеті туралы, наиб имамы Аманбаев Ержан түрлі тақырыптарда уағыз-насихат жүргізді. Бұдан бөлек, жиналған жұртшылық жамағат болып тасбих намазын оқыды. Мешіт басшылығы балаларға базарлық та ұйымдастыра белді. Әйел жамағаты да өзара сұхбаттасып, құлшылығын жасады.

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру