Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқушылар жазғы демалысында мешіттерден дәріс үйренуде

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 12.06.2018 3762 0 пікір
Оқушылар жазғы демалысында мешіттерден дәріс үйренуде

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қала, кент, аудан, ауыл мешіттерінде 1-30 маусым аралығынды 7-15 жас аралығындағы ұл-қыздарға жазғы діни сауат ашу курсы ұйымдастырылып, жұмысын қалыпты жалғастыруда.

Бүгінгі таңда  265 ұл және  170 қыз балалар, барлығы 435 оқушы жазғы демалысында мешіттердегі  білімді-білікті ұстаздардан имандылық тәрбие білімін игеріп, тәрбие алуда. Олардың ұстаздары  «Нұр-Мүбәрәк» университеті мен Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінен келген білімді шәкірттер. Балаларға Құран, шариғат негіздері, намаз оқу үйретілуде. «Оларға арналып  арнайы сабақ жоспары құрылып, күнделікті Құран әліппесі, азан үйрету, «дастархан батасы», қысқа сүрелер жаттатылады. Сабақ арасында балаларды жалықтырмау мақсатымен мешіт алаңында футбол ойындары ойнатылып, арнайы шәкірт-ұстаздар серуендетеміз»,-дейді мешіт ұстаздары.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру