Қасиетті Құран Кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп дәріптелген Қадір түні – исі мұсылманның сағына күтер сәті. Бұл түнгі құлшылықтың сексен үш жылға тең келетінін білмейтін мұсылман кемде-кем болар.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті бұл түні жамағатқа лық толды. Қасиетті Рамазан айы басталғалы адам аяғы басылмаған алып мешітте бұл түні, тіпті, ине шаншар жер қалмады десе де болады.
Қасиетті Қадір түні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Құран Кәрім хатым етіліп, бата жасалды. Бұдан соң ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа Қарағанды жамағатына Қадір түнімен құттықтауын жеткізіп, өзінің ыстық лебізін білдіріп, бата берді. Сондай ақ, Құранды хатым еткен үш қариға құрмет танытып, алғысын білдірді.
Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
12.06.2018
3299
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру