Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп», «Ақмешіт» мешіті, «Ғазиз» мешіті және «Бижан» мешіттері Рамазан айында тарауық намазына көмек жасау үшін бауырлас Түрік елінен келген қарилерді құрметпен шығарып салды. Осы аптаның алғашқы күнінің тарауық намазынан кейін аталмыш мешіттердің бас имамдары Жолдас Қоспақұлы, Ербол Бейсенбин, Абдусамат Айтқазыұлы, Нұрлан Евфратұлы қарилерге мешіт жамағаты атынан алғыстарын білдіріп, алдағы уақыттарда түбі бір туысқан елдердің ынтымағы жараса беруіне тілек білдіріп жатты.
Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қари Махмед Гүл-ге берген алғыс хатында:
«Қасиетті Рамазан айында біздің отанымыз-Қазақ еліне, соның ішінде киелі Кереку-Ертіс өңіріне келіп, Алланың нұры шашқан айын бізбен бірге қарсы алдыңыз. Бізбен бірге ораза ұстап, тарауық намазында бізге имамдық қызметін атқардыңыз. Осы арқылы Сіз біздің елімізде асыл дінімізді көркейту, дамыту існе зор үлес қостыңыз. Біздің мұсылман жамағатына жасаған осы жақсылықтарыңыздың сауабы құдіреті күшті Жаратушы иемізден сансыз еселеніп қайтары сөзсіз. Алла Тағала Сіздің Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен құлшылық-ғибадаттарыңызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Түбі бір туысқан Қазақ, Түрік халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Әумин!»,-деді.




Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру