Батыс Қазақстан облысының арда азаматтары қасиетті Рамазан айының Қадір түні қарсаңында облыстық «Орал» орталық мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға Орал қаласының құрметті азаматтары, аталар мен әжелер, жалынды жастар, балғын балалар, мешіт жамағаты т.б. барлығы 800 адам қатысты.
Дастархан басында облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов: «Рақым айы – Рамазанда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей»,- деп елімізге береке, Отанымызға тыныштық тілеп дұға жасады.
Алла Тағаланың парыз еткен оразасын ұстап жүрген мұсылмандар "Қадір" кешінде «Орал" орталық мешітінің наиб имамдары Мұратбек Қыстаубаев, Бақытжан Сабралиев Рамазан айының қасиеті, қадір түні, ораза тұтудың парыз екендігі, оразаның екі дүниедегі пайдасы туралы уағыз-насихаттар айтса, облысымыздың ақсақалдар алқасының мүшесі Ғұмар Құрақов қатарлы ел қариясы Рамазан айы мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды береке-бірлікке шақырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
12.06.2018
2961
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру