Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Облыс әкімі мешітте ауыз ашар дастарханын жайды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 12.06.2018 3870 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Облыс әкімі мешітте ауыз ашар дастарханын жайды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіттер қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізуде.

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов әлуметтік аз қамтылған отбасыларға ауыз ашар дастарханын жайды.

Жылдағы үрдіске сай Қадір түніне арнайы бағдарлама әзірленіп, уағыз насихат айтылып, ақ дастархан жайылып 1000-ға жуық адам қонақ болды. Арнайы сұрақ-жауап ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірілді. Игі шара жергілікті «Маңғыстау телеарнасы» арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Маңғыстау жұрты Қадір түнінде таң рауандап атқанша құлшылық етіп, ел тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру