Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ 100 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 12.06.2018 2782 0 пікір
ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ 100 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түні қарсаңында, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы жылы» аясында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде 100 отбасыға қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қасиетті айда осымен екінші рет өз жалғасын тауып отырған игі шарада 20 зағип жанға және 80 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыға бір айлық азық-түлік үлестірілді.

Сонымен қатар, дәл осы күні өкіл имам Болатбек Ұласқанұлының «Облыстық Қан орталығының» қызметкерлерін Рамазан айымен арнайы құттықтап, мүбарак айдың берекеті мен шарапаты жайында уағыз айтты. Бас имамның қатысуымен қызметкерлерге ауызашар тәттілері салынған қораптар сыйға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру