Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ТАУГҮЛ-3» МЕШІТІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АУЫЗ АШАР БЕРДІ

«Таугүл-3» мешітінің баспасөз қызметі 11.06.2018 3710 0 пікір
«ТАУГҮЛ-3» МЕШІТІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АУЫЗ АШАР БЕРДІ

Кеше Алматы қаласы «Таугүл-3» мешіті қасиетті Рамазан айына орай және журналистер мекерекесі қарсаңында журналистерге арналған ауызашар берілді. 

Ауызашар дастарханына танымал сайттар, порталдар мен телеарна журналистері қатысты. Игі шарада сөз сөйлеген «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев қадірлі қонақтарға ораза қабыл болсын айтып, жер бетінің тыныштығын тіледі, қасиетті Рамазан айын ұлықтады.

«Айлардың сұлтаны Рамазанның ұлылығын, Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бастап барша мұсылман қадірлеп, қасиет тұтып келеді. Еліміздің береке бірлігінің арқасында діни сенімімізге оралып, дәстүрлі жолымызды қайта жалғастырып келеміз. Дін қызметкерлері ұлтымыздың кешегі бар болмысымен, жан дүниесімен қабылдаған Ислам дінін насихаттап, ұрпаққа жеткізу жолында шама-шарқымызша жұмыс істеп жатырмыз. Қолына қалам ұстаған журналистер, зиялы қауым, барша жамағат осы игі іске үлес қосуымыз керек. Бұл баршамыздың ортақ мұратымыз. Қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын», деді бас имам Камалжан Тұрдыбаев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру