Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей жамағаты қариды шығарып салды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.06.2018 2999 0 пікір
Семей жамағаты қариды шығарып салды

Қасиетті Рамазан айында Құран Кәрімді хатым етудің жөні бір бөлек екені белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша қасиетті Рамазан айында Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, хатым еткен Вахдетдин Ақбулт бауырымызға  жамағат ризашылығын айтып, қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты. 114 сүре, 6666 аяттан болған сауапты Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған, өкіл имам Мақсат Қуанышұлы еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді, Алла Тағала әр түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтасын деп дұға етті. Дініміз тұрғысында 30 пара Құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған, дінбасы Серікбай қажы Ораз хазіретке жамағат алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру