Қасиетті айда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің әйел шәкірттері Құран Кәрім сүрелерін жатқа оқудан сынға түсті.
80-ді алқымдаған қария анамыздан бастап 6 жасар балақайға дейін үміткерлер қатысқан сайыс екі номинация бойынша өткізілді.
Алдымен Құранның «Фил мен Нас сүрелері» аралығындағы сүрелерді жатқа оқудан сынға түсіп оза шыққан сайыскерлер:
І-орын – Байтөре Жаннұр (10 000 тг);
ІІ-орын – Жасағанбергенова Әсем (7 000 тг);
ІІІ-орын – Әби Салтанат (5 000 тг) иеленсе,
«Духа мен Нас сүрелерін жатқа оқу» номинациясы бойынша:
І-орын – Қуандық Ақерке (20 000 тг);
ІІ-орын – Байназар Перизат (15 000 тг);
ІІІ-орын – Төлепберген Гүлайым (10 000 тг) бәйге жүлделерін қанжығаларына байлады.
Жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталса, өзге қатысушыларға өкілдік тарапынан алғыс хаттар табысталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
11.06.2018
3885
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру