Орал қаласы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы Бас мүфтидің бастамасына қолдау көрсетіп, «Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» қолдауымен «Оқушылар және жастар» сарайының коворкинг орталығында «Өзгеруді өзіңнен баста!» тақырыбында жастарға жаңа форматта тренинг өткізді. Сонымен қатар, кеш қонағы жергілікті «Орал өңірі» газеті тілшісі, әдебиеттанушы Нұртай Алтайұлы дәстүрмен ұштастыра отырып, ұлттығымызды, ділімізді сақтауды да өзімізден бастау қажет екендігін жастарға насихаттады.
Аталмыш шарамен қоса, коворкинг орталығында «Тәжиден Батырұлы» мешіті сауат ашу курсында дәріс беріп жатқан «Нұр-Мүбәрак» унивеситеті мен «Сарыағаш медресе-колледжі» шәкірттері жастарға діни білімдерін тексеру, деңгейлерін анықтау мақсатында 100 сұрақтық тест ұйымдастырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орал қаласы «Тәжиден Батырұлы» мешіті баспасөз қызметі
11.06.2018
3622
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру